location

BYD Luxcar Almaty: Алматы қ., Райымбек даңғылы 548/2

location +7 7272 20 50 50
globe
KK
RU

Алматы қаласында электрлік көліктердің иелері* үшін коммуналдық тұраққа жеңілдіктерді тіркеуге онлайн-өтініш беру үшін келесі қажет:

  1. Үлгі бойынша өтінішті толтырыңыз, басып шығарыңыз және қол қойыңыз, осы өтінішті PDF форматына сканерлеңіз.

  2. Көлік құралының мемлекеттік тіркеу куәлігін сканерлеу (техникалық төлқұжат).
  3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы анықтаманы дайындау және сканерлеу (заңды тұлғалар үшін).
  4. eGov қосымшасын, eOtinish сервисін ашыңыз, одан әрі «Өтініш беру» батырмасын басыңыз, «Кодекс түрі» қосымша бетінде - қалқымалы терезеде "Басқа"-ны таңдаймыз, одан әрі "Мемлекеттік орган" қосымша бетін таңдаңыз - қалқымалы терезеде «Алматы қаласы жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы паркинг коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын» таңдаңыз.
  5. «Сипаттама» қосымша бетінде мынаны көрсетіңіз: «Мені «Тұрақ алаңының 3.1 нұсқасы» компьютерлік бағдарламасына енгізуіңізді сұраймын».
  6. Әрі қарай, өтінішіңізді, техникалық төлқұжатты және анықтамаңызды (заңды тұлғалар үшін) тіркеңіз.

15 жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің түпнұсқалығы мен өзектілігіне тексеру жүргізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін қарастыру мерзімі тағы 15 жұмыс күніне ұлғаюы мүмкін. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша еOtinish сервисі арқылы хабарлама келіп түседі. Жеңілдік Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен белгіленген коммуналдық ақылы автотұрақтардың аумағында ғана қолданылады. Бір жылдан кейін жоғарыда аталған рәсімді қайталау қажет, өйткені тізілім жыл сайын жаңартылып отырады.

*ҚР "Жол қозғалысы туралы" Заңының 42-1-бабына сәйкес гибридті (автокөлік) электрлік көліктерге жатпайды, өйткені электрлік батареядан басқа Іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған. Гибридті автокөлік пен электрік көлік арасындағы айырмашылықты қозғалтқыш көлемі көрсетілген техникалық паспорттың 7-тармағына сәйкес анықтауға болады. Егер қозғалтқыштың көлемі "0" деп көрсетілсе, онда бұл электрлік көлік болып саналады, ал егер қозғалтқыштың көлемі "0"-ден жоғары болса, онда бұл автокөлік электрлік көлікке жатпайды, яғни, бұл көлік құралы гибридті, бензиндік немесе дизельдік. Электрлік көліктердің иелері көлік құралына коммуналдық тұрақ орындарында тұрақ үшін төлеуден босатылады.

Сайт использует файлы cookie. Используя данный сайт, Вы подтверждаете свое согласие на использование файлов cookie, обработку Ваших персональных данных